RU

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға қызының бренд жейделерін сыйлады (фото)

Ақтөбедегі «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы мүмкіндігі шектеулі 50 адамды қала сыртына шығарып, демалыс орындарының бірінде тынығуға жағдай жасады деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Тағдырдың жазуымен тауқыметке тап болған олар үшін ерікті жастар түрлі ойындар өткізіп, тренингтер ұйымдастырды. Шара барысында арнайы дастархан да жайылған.

Шоумен Саламат Жылқыбаев шараның тізгінін ұстады. Өнер жұлдыздары Арман Жиеналиев, Нұртас Омаров, Әлібек Ынтығали өз өнерлерін көрсетіп, ақын Оразбек Қиынбаев құттықтау жырын оқыды.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Ақтөбелік белгілі спортшы қыз Сабина Алтынбекованың анасы да келіп, белсенді мүмкіндігі шектеулі жандарға S20 бренд жейделерін табыстап, жастарға сәттілік тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614482-sabina-altynbekovanynh-anasy-mugedek.html