RU

Жұмбақ өлім: досының үйіне кетіп, қайтыс болған алматылық жігітке қатысты іс тоқтады

Алматы облысында досының үйіне қонуға кетіп, жұмбақ жағдайда қайтыс болған жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қысқарып қалды. Тірі болса ұлдарының 19 жасқа толғанын атап өтудің орнына, зиратына барып құран бағыштап қайтқан Жандос Мырзабаевтың жақындарын полицияның бұл шешімі ашындырып отыр.

«Арманда кеткен қарғам-ау, Әскерге барам, үйіңді бітіремін деген уәдең қайда? Жұмбақ өлімің жанымды жеп барады». Баласының туған күнінде ұлының қабірінің басына келіп, жоқтау айтқан ананың зары бұл.

Осыдан бес ай бұрын досының үйіне қонуға кеткен баласының өлі денесін құшақтап қалған ана, ұлының өліміне қатысты қылмыстық істің қысқарып қалғанына қапалы.

"Олар айтқан, иіскелеп отырды, ішеді екен бензинді деп. Сараптамада тап-таза, миы таза, қанның құрамында болмаған бензин. Киімінде де бензин болмаған дейді. Мен кімге сенерімді білмеймін", - дейді марқұмның анасы Райхан Құлманова.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Биылғы жылдың бірінші сәуірінде 18 жастағы Жандос Мырзабаевтың жақындарына ұлдарының өртеніп өлгені туралы хабар келеді. Артынан белгілі болғандай, оқиға болған күні марқұмның қасындағы достары Жандосты соңғы сәтінде бензин иіскеп отырғанын көргендерін айтқан.

Анасы болса, сот сараптамасының қорытындысы - куәгерлердің сөзімен сәйкес келмей отырғанын айтады. Оның үстіне, қаралы хабардың сол сәтте жеткізілмегені де марқұмның жақындарының күдігін тудырып отыр.

Ал, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі сот медициналық сараптама қорытындысында зорлық белгілері анықталмауына байланысты іс қысқарды деп отыр.

"Қазақстан республикасының қылмыстық процестік кодексінің 35 тармағына, яғни іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты іс қысқартылған", - дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекова.

Тағы оқыңыздар: Сәтпаевтың ең лауазымды полицейі 50 мың теңге пара аламын деп ұсталып қалған

Алайда, Мырзабаевтар отбасы бұл істе шикіліктің барын алға тартып, Іле аудандық прокуратурасына да шағымданған. Мардымды жауап ала алмадық деп отыр. Енді Жандостың анасы ұлының өлімінің себебін анықтап беруін өтініп Бас прокуратураға шағымданбақ ниетте.

Қаланың көркін ашқан баннерлердің кесірінен сол күні «Морион» мен «ЭР-телеком» зауыттарының қызметкерлері өз көліктеріне жете алмай қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614636-zhumbaq-olim-dosynynh-uyine-ketip-qayty.html