RU

Әлемге танымал әнші өзіне елестер маза бермей жүргенін айтты (видео)

Канадалық әнші Мождах Джамалзадах Ванкувердегі дыбыс жазба студиясында өзінің жаңа альбомы туралы айтып тұрғанда, артында тұрған шашы ұзын әйелдің елесі видеоға түсіп қалады.  Оны көрген әнші отбасына елестердің жиі көрінетінін айтты деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Ол Instagram желісіне студияда тұрған видеосын салған. Ал әншінің оқырмандары оның артынан шашы ұзын әйелдің елесі көрінгенін айтқан.

31 жастағы қыз өзін елестер торып жүргенін естіп, қорқып кеткен. Мождахтың айтуынша, оның отбасы мистикаға жиі тап болады.

"Мен не істерімді білмеймін. Осы студияда ән айтып тұрғанда, біреу менің артымнан демалып тұрғандай болады. Артыма бұрылсам, ешкім жоқ ", -дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Ақбота Сейітмағамбет Баян мен Бағымнан неге қорқып жүр?

Мождах анасы Кабулдың көптеген тұрғындары сияқты елестерді көргенін айтады.

"Мен Ауғанстанға оралғанда, үлкендер маған адамдар елесін көргендерін айтты. Әсіресе соғыс болған ескі ғимараттарда жиі болады. Мен отбасымды елестер торуылдап жүргенін білемін және олардан қорқамын",- дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614646-alemge-tanymal-anshi-ozine-elester-maz.html