RU

Нұрлан Нығматулин: Орыс тілін сақтауымыз керек

Тілдің халықаралық мәртебесін көтеру - біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда осылай мәлім етті.

«Бүгін біз мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін тарихи маңызы зор жаңа әліпби мәселесін талқылайтын боламыз. Әлемдік тәжірибе бойынша өркениетке, мәдениетке және ғылымға жол салған кез келген мемлекет ең алдымен тілдің дамуына ерекше көңіл бөледі. Осы жолда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік алған күннен бастап қазақ тілін көтеруге назар аударды.

Соның нәтижесінде бүгінгі күні қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны жетпіз пайызға жетті. Ал 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болады. Осының барлығы, соның ішінде латын әрпіне көшу - тіліміздің мәртебесін күшейту жолындағы нақты қадамдар», - деді Мәжіліс төрағасы.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Ол сондай-ақ, латынға көшу тек қазақ тіліне қатысты екенін тағы да атап өтті.

"Мынаны тағы айтқым келеді, мемлекеттік тілдің реформасы мемлекеттік тіл саясатын еш өзгертпейді. Латын әліпбиіне көшу ең алдымен қазақ әліпбиін, орфографиясын реформалауға қатысты. Елбасы айтқандай, латынға көшу орыс тілінен бас тарту дегенді білдірмейді. Орыс тілінде шығып жатқан басылымдардың бәрі кириллицамен шығуын жалғастыра бермек.

Қазақ тілін қалай кіршіксіз сақтасақ, орыс тілі мен кириллицаға деген көзқарасымыз да сондай болуы керек. Орыс тілін меңгеруіміз - біздің тарихи жетістігіміз екені баршаға мәлім", - деді Нығматулин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614655-nurlan-nyghmatulin-orys-tilin-saqtauy.html