RU

Жаңаөзенде орамал таққан оқушыларды директор мектептен қуып шықты (видео)

Жаңаөзен қаласындағы мектеп директоры білім ошағына орамал тағып, кең және ұзын етекті көйлекпен келген оқушыларды ата-анасымен бірге қуып шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Аталған бейнежазбаны  facebook желісінің қолданушысы Hanafi Darul Uloom өз парақшасында жариялаған. Ал, видеоны орамал таққан оқушылардың бірінің ата-анасы түсіріпті.

«Міне қыздарымызды жаңа ғана ішке кіргізіп едік, енді шығарып жатыр. Болама осылай етуге?», - деп өз ренішін білдіреді тұрғын.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Ал, мектеп директоры болса орамалды үш қызды мектепке не үшін қабылдамайтынын және кіргізбейтінін ақ параққа жазып, ата-анаға үлестіріп жүр.

«Мен бұл қыздарды оқыта алмаймын. Мен елбасының саясатын және заңды қолдаймын. Бірақ, балаларыңыздың мектеп формасы №26 бұйрыққа сәйкес келмегендіктен мен оларды кіргізе алмаймын. Мына менің жазып берген хатымды алып өз құқықтарыңызды қорғау үшін құқық қорғау органдарына шағымдануларыңызға болады», - дейді мектеп директоры.

Ал ашулы ата-ана болса қыздарының үстіндегі ақ кофта мен көк көйлекті «мектеп формасы» деп түсіндіріп әлек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614701-zhanhaozende-oramal-taqqan-oqushylardy.html