RU

Альварестің жанкүйерлері Головкинді көре салысымен ысқырып, наразалық білдірді

Лос-Анджелесте өткен бейсбол клубтары арасындағы матч алдында допты салтанатты лақтыру рәсімін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткізді. Алайда, «Лос-Анджелес Доджерс»-тың барлық жанкүйерлері Головкиннің алаңда пайда болуына қуанышты болған жоқ деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Dodger Stadium-да GGG-ге ысқырып, наразылық білдірілді», - деп жазды Los Angeles Times жергілікті тілшісі.

Тағы оқыңыздар: Головкин әскерде жүріп мерт болған бауырларын еске алып, көпшілікті елжіретті

Айта кетейік, Лос-Анджелес халқының 47 пайызын латынамерикалықтар құрайды. Олардың дені Головкин-Альварес жекпе-жегінде мексикалық боксшыға жанкүйер болатыны даусыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614708-alvarestinh-zhankuyerleri-golovkindi.html