RU

Айсәуле Бақытбек жігітінің өзіне төрт жыл бойы шыдап келгенін айтып мақтанды

Атышулы продюсер Баян Есентаеваның тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек сүйіктісінің өзіне төрт жыл бойы шыдап жүргенін айтып мақтанды.

"Қалай ойлайсыздар, неге ол  төрт  жыл бойы маған шыдап жүр? Сіздер үшін мінсіз қарым-қатынастың кепілі не? Менің ойымша, ең басты нәрсе сенім. Біз үнемі бірге күле береміз және ол әлемдегі ең әзілқой жанның бірі!",- деп жазған продюсердің қызы.

Тағы оқыңыздар: Әлемге танымал әнші өзіне елестер маза бермей жүргенін айтты (видео)

Айсәуленің желідегі жазбасы мен жігіті екеуінің суретін көрген желі қолданушылары оларды қатаң сынға алып, түрлі пікірлер жазды.

"Анасын көріп қызын ал деген мақал бар емес пе?! Шешесі қандай болса,  қызы да сондай", "Махаббатын жұрт көзінше көрсету ұят! Халық қарайтын болған соң, біраз әдеп сақтау керек қой", "Жігітің мүлдем өзіңе лайық емес! Жараспай тұрсыңдар", "Қатты мақтанып кетіпсің. Өзіңе қалай шыдап жүр екен", -деп жазған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614714-aysaule-baqytbek-zhigitininh-ozine-tor.html