RU

101 жастағы педофил кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлағанын ұмытып қалған

Лондон маңында тұратын 101 жастағы Дуглас Хаммерслиге 40 жыл бұрын кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген айып тағылды. Бұл туралы Vesti.ru хабарлады.

Айыпталушы бұл оқиғаны ұмытып қалғанын айтты. Соған қарамастан, сот жәбірленушіге өтемақы ретінде 32 мың доллар төлеуді міндеттеді.

Жәбірленуші Хаммерслидің 100 мерейтойы құрметіне туыстары үлкен мереке ұйымдастырғанын газет бетінен көріп қалғаннан кейін полицияға шағымданған.

Британиялық әйелге сотқа қатысуға рұқсат етілмеді.

Тағы оқыңыздар: Нұрлан Нығматулин: Орыс тілін сақтауымыз керек

Судья британиялықтың әрекетін «өте батыл әрі дұрыс шешім» деп бағалады. Айыппұлдан бөлек, Хаммерсли екі жылға шартты түрде сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614770-101-zhastaghy-pedofil-kamelettik-zhasqa-tol.html