RU

Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі бүлдіршіннің өлі денесі табылды

Алматының Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыш ішінен екі баланың мүрдесі табылды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Аталған қайғылы жайтты қалалық ішкі істер департаменті растап отыр.

«Бірнеше күн бұрын үш балалы келіншек осы пәтерді жалға алған. Балалардың үлкені төртте, ортаншысы бір жарымда, ал кенжесі бірде болған. Бірер күн бұрын пәтер ішінен жағымсыз иіс шығып, көршілері полиция шақыртқан.

Тағы оқыңыздар: Жұмбақ өлім: досының үйіне кетіп, қайтыс болған алматылық жігітке қатысты іс тоқтады

Есікті бұзып кіріп, тексеріс барысында тәртіп сақшылары иістеніп кеткен екі сәбидің денесін тапқан. Үлкен ұл мен әйелдің қайда екені белгісіз. Қазір іздеу жарияланып, бала өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу құпиясына байланысты артық ақпарат жария етілмейді»,- деді баспасөз қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614791-almatyda-zhaldamaly-paterden-eki-buld.html