RU

Прокуратура: Мұратхан Тоқмәди өз қылмысын мойындауға дайын

Алматы прокуратурасының өкілдері "қорқытып алу, қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымға тарту" бабы бойынша ұсталған Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты жүріп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысы туралы пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, қорғаушы өзіне жария болған мәліметтерді тарата алмайды.

Сотқа дейінгі тергеуге қатысты деректер тек прокурордың рұқсатымен ғана жария етіледі.

Тергеу ісін жүргізетін адам қолда бар ақпаратты өзінің рұқсатынсыз жариялауға рұқсат етілмейтінін қорғаушыға ескертіп, одан жауапкершілікті өз мойнына алатыны туралы қолхат алады.

Тағы оқыңыздар: Нұрлан Нығматулин: Орыс тілін сақтауымыз керек

Оралбай А. мен Өтебеков Д. мұндай жауапкершілікті алудан бас тартты. Осы орайда күдіктінің адвокаттары Оралбай мен Өтебеков қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын сақтаудан бас тартуына байланысты биыл 29 және 31 тамызда қылмыстық істен алынып тасталды.

Атвокаттар істен шеттетілген күннен бастап күдіктінің құқығын Сұлтанов Э. қорғап келді.

Алайда, 7 қыркүйек күні Тоқмәди соңғы аталған заң қызметкерінен де бас тартты.

Қазіргі уақытта адвокаттарды ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

"5 қыркүйекте Мұратхан Тоқмәди прокурормен кінәсін мойындау туралы мәмілеге келгісі келетінін айтты", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Оның бұл өтінішін процессуалдық прокурор қарап, шешім шығаратын болады. Қылмыстық істі тергеу жұмыстарын Алматы қалалық прокуратурасы бақылайды.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Еске сала кететін болсақ, Мұратхан Тоқмәди 12 маусым күні ұсталған болатын. Алматыда жедел топтың қызметкерлері қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614845-prokuratura-muratkhan-toqmadi-oz-qylm.html