RU

Zhanga aelipbі zhobasy: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша бірыңғай стандарттар қандай?

Парламенттік тыңдауда ұсынылған қазақ тілінің жаңа әліпби жобасы "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "бір дыбыс" принципіне негізделген деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 диграф бар. Жаңа нұсқада "ә" дыбысы "ae" диграфымен берілсе, "ө" - "oe", "ү" - "ue" деп таңбаланды. Мәселен, "әлем" - "aelem", "өркен" - "oerken", "үкімет" - "uekimet" болмақ.

"Мұндағы айрықша тұрған дыбыс - "ң". Ол қазақ тіліне тән дыбыс, басқа тілдерде де бар. Біз оны "ng" диграфымен бердік. Осындай диграфпен беру ағылшын тілінде де кездеседі. Оны қабылдау да оңай болады", - деп атап көрсетті Тілешов.

Бұдан бөлек, "ғ" - "gh", "ч" - "ch", "ш" - "sh" және "ж" - "zh" болып белгіленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615093-zhanga-aelipbi-zhobasy-qazaqtynh-zhanha-alfaviti-boyynsha.html