RU

Аяқ киімнің бір сыңары үшін базарда жаға жыртысқан келіншектер жұртты өзіне қаратты (видео)

Қырғызстанның Ош қаласындағы базарлардың бірінде сатушы мен сатып алушы әйел жаңа аяқ киімге бола төбелесіп қала жаздады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанжал әйелдің сатып алған аяқ киімінің бір сыңарын қайта келіп ауыстырып алмақшы болғанынан басталған. Ол аяқ киімінің бір сыңарын жақтырмай, орнына жаңа сыңар киіп алады. Алайда аяқ киімді ауыстыруға еш құлқы жоқ сатушы айқай шығарып, жанжалға өзге сатушылар да араласады.

Тағы оқыңыздар: Бұрынғы балалар үйі ғимаратының астынан 400-ден аса баланың денесі табылды

Олар жабылып сатып алушы әйелдің аяғындағы жаңа сыңар аяқ киімді шешіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615136-ayaq-kiimninh-bir-synhary-ushin-bazarda-zha.html