RU

Қазақстанға келген шетел азаматы қазақтарға тәнті болып, Алматыны Женеваға теңеді

Қазақстанға қыдырып келген Австралия тумасы елімізден алған әсерлерімен бөлісіп, Алматыны Женеваға теңеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы youngpioneertours.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Көбі Қазақстан туралы тек "Борат" фильмінен естіген болар? Жұпыны ауылдар, есінен адасқан адамдар мен оғаш акцент. Мен бұл қаншалықты шындық екенін анықтау үшін Қазақстанға жол тарттым. Алайда, мен Австралиядағы өз туған қалам Пертке ұқсайтын әдемі қаланы көремін деп күтпеген едім. Таза, әдемі, мейірімді адамдар мен керемет стейктер", - дейді шетел азаматы.

Австралия тумасы бұған дейін қазақтарды өмірінде көрмегенін жасырмады.

Тағы оқыңыздар: Аяқ киімнің бір сыңары үшін базарда жаға жыртысқан келіншектер жұртты өзіне қаратты (видео)

"Алғаш келгенімде, орысша сөйлейтін қытайларға ұқсас мұсылмандарды көрдім. Олар әдемі киінеді, музыкасы да тамаша. Жылқы етінен жасалған стейктері мен кәуаптары тіл үйіреді. Тағамдары арзан әрі дәмді. Сіз шетелдік болсаңыз, қазақтар сізге үлкен қонақжайлық танытады. Тіпті үйіне шақырып, ұлттық тағамдардан дәм татуды ұсынғанында таң болдым. Олар сізге ешқандай ақша талап етпей-ақ көмектесуге дайын тұрады. Өзге елдерде қанша скептик болсам да, қазақтар туралы айтарым, олар расымен ғажайып халық", - деп мақтауларын жаудырды шетелдік.

Ер адам Қазақстанды керемет ел санайтынын алға тартты.

"Қазақстан керемет ел десем, шымымен солай болғаны. Қарлы таулары, еуропалық стильдегі көшелері мен заманауи сәулеті көздің жауып алатын Алматыда болдым. Алматы Женеваға ұқсайды... Мұнда қысы да, жазы да өте қолайлы", - деп ойын түйді шетел азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615155-qazaqstangha-kelgen-shetel-azamaty-qaz.html