RU

Оралдық жігіт әйелі мен баласын аяусыз өлтірген күдіктіге сенбей отыр

Батыс Қазақстан облысындағы екі әйел мен үш жасар баланы пышақтап, кейін денелерін өртеп жібергенін мойындаған 24 жастағы азаматтың айыптылығына марқұмдардың туыстары сенбей отыр. Айтуларынша, марқұмдарды басқа адам өлтіруі мүмкін.

Сотта түрін жасырып баққан күдікті бұл қадамға сүйіктісінің өзімен бірге тұрудан бас тартқаны үшін бардым дейді. Қанды оқиға болған түні Баянсұлу есімді келіншекке қонаққа келген азамат екі әйел мен сәбиге 20 рет пышақ сұғып, кейін баспанасын өртеп жіберген деп айыпталып отыр. 23 жастағы күдікті соттың бұлтартпау шарасымен екі айға қамауға алынды.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында 12 жасар қыз анасына есірткі сатуға көмектескен

Ал ұлы мен жұбайын бір күнде жерлеген Мереке Серікжан кінәсін толық мойындаса да, күдіктінің айыптылығына сенбеймін деп отыр. Тіпті, азамат жақындарының басқа адамның қолынан қаза болуы мүмкін екенін айтады. Тәртіп сақшыларының берген ақпараты да күмән келтіріп отырған көрінеді.

"Тұрғысы кеп, тұрмағандықтан өлтірдім деген қарапайым сияқты боп көрінеді. Енді адам тұрмады деп, құрбысын және баланы өлтіруге болмайды ғой. Мүмкін емес. Адам бір кісімен тұрмағаны үшін... Басқа себеп пе, мүмкін басқа кісі ме...", - дейді қайтыс болған Баянсұлу Серікжанның жұбайы.

Мереке Серікжан полицияның жұмысына көңілі толмайтынын айтады. Өйткені осы уақытқа дейін қамауға алынған азаматпен бетпе бет кездеспепті.

Тағы оқыңыздар: Ақылы білім алғысы келетіндер ҰБТ тапсырмауы мүмкін

Сөзінше, ұзақ уақыттан бері бірге тұрмаған марқұм Баянсұлумен Мереке Серікжан ресми түрде ажыраспаған екен. Ал қайтыс болған ұлы тірі болса қараша айында үш жасқа толар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615541-oraldyq-zhigit-ayeli-men-balasyn-ayausy.html