RU

Алматыда көшеден табылған үш жасар баланы ешкім іздеп келмеген (фото)

Алматыда көшеден табылған бүлдіршінді үш күннен бері ешкім іздеп келмеген деп хабарлайды КТК арнасы.

Жасы шамамен үштегі балақайды көшеде қарны ашып, жылап жүрген жерінен адамдар тауып алыпты. Сөйтіп, кішкентай баланы полицияға тапсырған.

Ал олар өз кезегінде әне-міне жақындары табылып қалар деген үмітпен уақытша балалар ауруханасына орналастырды. Бірақ үш күннен бері бала іздеген адам жоқ.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында 12 жасар қыз анасына есірткі сатуға көмектескен

Есесіне бүлдіршін шырылдап анасын іздеп жүр. Тек бүгін ғана ойыншықтарға алданып, жылауын қойған бала бөтендерден үркіп сөйлемейді. Десе де, медбикелер тамағын беріп, жуындырып анасын күтіп отыр.

"Екі апта, бір айға дейін созылады. Егер ешкім іздеп келмесе, ешкім хабарласпаса, біз құжаттарын рәсімдеп, балалар үйіне жібереміз", - дейді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының аға медбикесіМаржан Мамаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615580-almatyda-kosheden-tabylghan-ush-zhasar-ba.html