RU

Алматыдағы клубта біз өкшемен билеген жігіт елдің ашуын келтірді (видео)

Түнгі клубтардың бірінде ортаға шығып, алаңсыз билеген жігіт жұрттың ашуын тудырды деп xабарлайды NewTimes.kz.

Ақ жейде мен қара шалбар киген, аяғында биік өкшелі туфлиі бар жас жігіт биімен клубты шулатты. Оның биін әлдекім видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Онда біз өкше киген жігіт, тіпті қыз баласының өзі жасай алмайтын қимылдарды еш кедергісіз орындайды.

Тағы оқыңыздар: Миллионға жуық тұрғыны бар Шымкент қыста жылусыз қалғалы тұр

Оны көрген желідегілер биші жігіттің әрекетіне таң болып, әсіресе қыздар қауымы "мынадай біз өкшемен билемек түгілі, жүрудің өзі қиын ғой" деп пікірлерін жаудырды.

Дегенмен басым көпшілігі оның әрекетіне жиіркенішпен қарап, ер баланың бұлай билеуі ұят екенін алға тартты. Бұл көңіл көтеру кеші еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз, бірақ желі қолданушыларының пікірі бойынша Алматы қаласында орын алған болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615775-almatydaghy-klubta-biz-okshemen-bilege.html