RU

Шымкентте күйеуі аяғы ауыр әйелін аяусыз пышақтап тастаған (видео)

Шымкент тұрғыны өзінің азаматтық некедегі жұбайын аяғы ауыр бола тұра аяусыз пышақтап тастаған деп хабарлайды tvk-uko  сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте күйеуі аяғы ауыр әйелін пышақтап тастаған. Оқиғаның орын алуына отбасылық кикілжің себеп болыпты.

Жәбірленушінің айтуына қарағанда, отағасы әйеліне үнемі қол көтеріп, қорлық көрсетеді екен. Онымен қоймай шу шықса, бірден суық қару кезенеді дейді.

Тағы оқыңыздар: Миллионға жуық тұрғыны бар Шымкент қыста жылусыз қалғалы тұр

Бұған шыдамаған Лаура Сариева полицияға арыз жазғанымен әлі күнге нәтиже жоқ. Тәртіп сақшылары тәртіпке салмасын білген отағасы болса, күнде келіп қоқан-лоқы жасайды.

Өзінің басындағы жайтты жасырмай айтқан ол "Нұр Отаннан" көмек сұрады.

Істің анық-қанығын білген ОҚО "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Нұрмахан Жолдасов облыстық ІІД-нен проблеманы толықтац шешіп беруді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615794-shymkentte-kuyeui-ayaghy-auyr-ayelin-ayau.html