RU

Моңғолия президентінің кеңесшісі болып тағайындалған жалғыз қазақ кім? (фото)

Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Жандос Шәріпұлы жуықта сол ел президенті Халтмаагийн Баттулганың кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

1984 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген Жандос Моңғолияның мемлекеттік жоғарғы оқу орнын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген.

"Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін Баян-Өлгий аймақтық сауда және кәсіп палатасында қызметімді бастағанмын. Одан кейін саясатқа араластым.

Тағы оқыңыздар: Зарина Омарова шоу-бизнестегі тоқалдар туралы пікірін ашық айтты (фото)

Демократиялық партияның аймақтық бөлімшесі жетекшісінің орынбасары, осы партияның аймақтық жастар одағының жетекшісі, үкіметтік геологиялық орталық лабораториясының іс басқарушысы және қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік әкімшілік департаментінің басшысы қызметін атқардым. Саясат мәселесіне белсенді болдым", - деді ол.

Сонымен бірге ол қызметте қалай көтерілгенін де айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Миллионға жуық тұрғыны бар Шымкент қыста жылусыз қалғалы тұр

"Қандай да бір жетістікке жету сол адамның саяси белсенділігі мен жұмысқа деген қабілетіне байланысты ғой. Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Мұнда барлық нәрсе бәсеке. Мәселен, кім артық біледі, кім тәжірибелі, кім жақсы істей алады – сол адам озатын қоғамда өмір сүріп жатырмыз", - деді Жандос.

"Сонымен қатар біз – Моңғолия мемлекетінде ұсақ ұлттардың біріміз. Бірақ ұсақ ұлттың да қоғамдық белсенділігі болу керек. Қоғамның әрбір саласында ерекше қызмет ету арқылы өзімізді көрсетіп, мойындатуымыз керек. Менің өсуіме бұдан басқа осындағы аз ғана қазақтың қолдауы, ыстық ықыласы сеп болды. Оның үстіне өзімнің жеке басымның мүмкіндіктері де жетістікке жетуіме себеп болды", - деген ол бұрын-соңды президен ткөмекшісі болған қазақты естімегенін айтты.

"Бұрын-соңды Моңғолия президентінің кеңесшісі болған қазақты естімедім. Бірақ парламент депутаттары, министр болған қазақтар көп", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615838-monhgholiya-prezidentininh-kenhesshisi-bo.html