RU

Желі қолданушылары Айсұлтан Назарбаевты Тасмағамбетовтің қызы секілді мектеп салуға шақырды

Айсұлтан Назарбаев өзінен сұхбат алып, пікірін білмеген отандық журналистерге ренжулі деп хабарлайды NUR.KZ.

"Осыған дейін менің жазған жазбама (жеке парақшасындағы) қазақстандық бірқатар БАҚ назар аударды, оларға ризамын. Бірақ жан-жақты обьективті түрде сұрақ қойып, мақала жазу үшін американдық ESPN журналының журналистері ғана xабарласты. Бұл сайтты күніне әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам оқиды. Мен оларға қызықсыз екеніме 100% сенімдімін. Бірақ көтерілген тақырыпты олар қоғамдық талқылауға лайық деп есептейді", - деп жазды Айсұлтан Назарбаев Facebooк желісіндегі парақшасына.

Аталған жазба жергілікті жұрттың қызу талқысына түсіп, көпшілігі Айсұлтанның журналистерді айыптауына негіз жоқ екенін айтуда. Қолданушылардың пікірнше, елімізде президенттің жиеніне ашық сұрақ қоюға жол жоқ. Көптеген пікір жазушылар осыдан соң Айсұлтанға өз ұсынысын айта бастады.

Тағы оқыңыздар: Моңғолия президентінің кеңесшісі болып тағайындалған жалғыз қазақ кім? (фото)

Мәселен, Бұлбұл құс есімімен тіркелген бойжеткен: «Отандық БАҚ-тың назарын аударғың келсе, Иманғали Тасмағанбетовтың қызы секілді тым құрымаса мектеп салшы. Ақша да, таныс та, көкелерің де, жалпы сенде бәрі бар», - деп жазған.

Сондай-ақ,  «Футболды не қыласың? Қазақстанда одан да маңызды шаруалар бар», «25 мың  айлыққа бір ай жұмыс істеп көр, сонда түсінесің халықты»,  - деген  жазбалар қалдыруда.

ESPN журналына берген сұхбатында Айсұлтан Назарбаев есірткіден арылу үшін "Құпия нашақордың 12 қадамы" атты бағдарламаны пайдаланғанын, бұл әрекеті үшін өкінетінін айтты. Сондай-ақ, ол есірткіге байланған адамдар үшін футболдың үлкен көмек болатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1615972-zheli-qoldanushylary-aysultan-nazarba.html