RU

Сүйіктісіне ренжіген жас жігіт оның туған сіңлісін алып қашып кетті

Өз есімін жасырған 25 жастағы бойжеткен сүйіктісі туған сіңлісін алып қашқанын айтып, ikerim.kz сайтына хат жазды.

Бойжеткен алты жылдай бір жігітпен кездесіп, сөйлесіп жүреді. Екеуінің армандары мен алға қойған мақсаттары да мол болыпты. Тіпті тойдың күнін белгілеп, жігіт сақинасын да сыйлап қойған екен.  Бірақ той уақыты жақындаған кезде екі жас сөзге келіп қалады.

Қыз ашу үстінде «отбасын құрмай-ақ қояйық…» дегені сол екен, жігіт ашуға булығып кетіп қалады. Сонымен арада бірнеше күн өткенде туған сіңілісін алып қашып кетеді. Оны алып қашқан өзге емес, өзінің жігіті болып шығады.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте мектеп-интернатта оқитын 10 жастағы бала жоғалып кетті (фото)

«Сені алмасам да, сенің үйіңнің бір қызына үйленемін» деген жігіт қазір сіңілісімен бірге тұрып жатыр екен. Жақында балалары болмақ.

Білуімізше, олардың ата-аналары кейіпкеріміз бен жігіттің арасында болған бұрынғы қатынастары туралы білмеген. Әрі бойжеткен сіңілісін кінәламайды, себебі оны келісімсіз алып кеткен дейді.

Хабарлама соңында бойжеткен, жастарды ақымақ болмауға шақырып, өзінің басындағы жайды ешкім түсінбейтінін және оны ешкімге тілемейтінін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1616067-suyiktisine-renzhigen-zhas-zhigit-onynh-t.html