RU

Туған баласынан таяқ жейтін 85 жастағы кейуананың өмірі көпшілікті алаңдатты (фото)

Қырғызстанның Қошқар-ата елді мекенінің тұрғындары көршілерінің жауыздығы туралы айтып берді. Бұл туралы kaktus-media басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қошқар-ата тұрғындары 85 жастағы көршілерінің өмірі үшін алаңдаулы. Өйткені, 85 жастағы мүгедек кейуананы 44 жастағы ұлы үнемі таяқтың астына алады екен.

Тағы оқыңыздар: Алматыда тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балалардың ағасы ауруханада жатыр

"Кейуана 1 топтағы мүгедек. Ал оның ұлы 2 топтағы мүгедек. Кейуананың өзге балалары бөлек шығып кеткен. Ал қолында тұратын ұлы оны көгала қойдай етіп сабайды. Біз жанымыз ашып, талай рет құқыққорғаушыларды шақырдық. Алайда, ана жүрегі баласын жамандыққа қимайды", - дейді тұрғындар.

Үнемі аш әрі кір-қожалақ болып жүретін кейуананы өз қолына алғысы келетін қайырымды жандар көп. Алайда, кейуана олардың ұсынысынан бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1616336-tughan-balasynan-tayaq-zheytin-85-zhastaghy-k.html