Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыс келді: ШҚО-да алғашқы қар жауды (фото)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында бүгін таңертең қар жауды деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрғындар қар жауған аймақтардың суретін әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр.

Ал Қазгидромет бұл құбылыстың ресми тіркелмегенін жеткізді. Өйткені қар жауған жерлерде метеостанция жоқ екен. 

"Біздің мәлімет бойынша, Зырян ауданында түнде ауа температурасы +7 градус жылы болған. Тауда қар түскені туралы ақпарат тіркелмеді", - дейді ауа райын болжау орталығының мамандары.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында ұрылармен төбелескен шенеунік жансақтау бөліміне түсті

Бұған дейін синоптиктер ШҚО-да -3 градусқа дейін үсік жүретінін және 28 м.с жылдамдықпен жел соғатынын ескерткен болатын. Сондай-ақ, 12-13 қыркүйек аралығында дауылды ескерту жарияланған.

Автор: Анжелика Федорова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1616364-qys-keldi-shqo-da-alghashqy-qar-zhaudy-fot/

pixel