RU
Мемлекет басшысы: Бізге кедергі келтіргендер көп болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Мемлекет басшысы: Бізге кедергі келтіргендер көп болды

Расказать Вконтакте

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен цифрландыру мәселесі бойынша республикалық кеңес өтті. Жиында мемлекет басшысы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін инновациялық даму қажет екендігін айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Мемлекет басшысы: Бізге кедергі келтіргендер көп болды

Фото NUR.KZ

«Біз экономиканың тұрақты дамуы үшін сандық технологияны белсенді түрде енгізу керек екендігін түсінеміз. Кеңес үкіметі кезінде осы сала бойынша артта қалып қойғанымызды мойындау керек.

Әсіресе, батыс ақпараттық технология, интернет саласында алға дамығанда біз артта қалдық. Бұған әртүрлі себеп болды. Бізге кедергі жасағандар болды, санкциялар да болды.

Ол жаққа (батысқа-агенттік ескертпесі) бара алмадық, біз де оларды өткізбедік. Біз осы уақытта біршама артта қалып барып, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз бұған қуаныштымыз», - деді Назарбаев.

Тағы оқыңыздар: Елбасы жас министрлерге қызығатынын жасырмай айтты

Елбасының айтуынша, Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздеп отыр. Мемлекет басшысы бұл жедел инновациялық, технологиялық және экономикалық дамуды қажет етеді дейді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
10
2
0
1
2
6
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір