RU
Таразда «Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым тілінің өзегі» атты жиын өтті
Жаңалықтар Қоғам

Таразда «Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым тілінің өзегі» атты жиын өтті

Расказать Вконтакте

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесін жастар арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру, оның маңыздылығын жеткізу мақсатында «Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым тілінің өзегі» тақырыбына кездесу өткізілді.

Таразда «Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым тілінің өзегі» атты жиын өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қорытындыларын қолдау бойынша өткен шара барысында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен, облыстық мәслихат депутаты, тарих ғылымдарының докторы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Д.Қожамжарова, жоғары оқу орындарының лингвист ғалымдары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері, барлығы 300-ге жуық жастар қатысты.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір