RU
Халықаралық ұйымға мүше 19 елдің жазушылары Латын қарпіне өтуді қолдады
Жаңалықтар Қоғам

Халықаралық ұйымға мүше 19 елдің жазушылары Латын қарпіне өтуді қолдады

Расказать Вконтакте

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында 2017 жылғы 12-13 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі өтті.

Халықаралық ұйымға мүше 19 елдің жазушылары Латын қарпіне өтуді қолдады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен өтетін конгреске 19 елден 30-ге жуық редакторлар мен жазушылар, көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысты. Ірі мәдени шараның ашылуы 12 қыркүйек күні сағат 10.00-де Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет орталығында өтті.

Халықаралық ұйымға мүше 19 елдің жазушылары Латын қарпіне өтуді қолдады

Түркия, Иран, Ирак, Қырым (Украина), Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай (РФ), Дағыстан (РФ), Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ), Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Косово, Македония, Солтүстік Кипрдан және Қазақстанның бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасады.

Халықаралық ұйымға мүше 19 елдің жазушылары Латын қарпіне өтуді қолдады

Конгресс барысында Қазақстанның латын қарпіне өту мәселесі қызу талқыға айналды.

Жиын барысында, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ: «Латын әліпбиіне көшу — Сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам. Түркі Елдерінің ақсақалы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы тарихта алтын әріптермен орын алары сөзсіз.» деген пікір білдірді.

Халықаралық ұйымға мүше 19 елдің жазушылары Латын қарпіне өтуді қолдады

Сондай-ақ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуп Өмероғлу: «Қазақ елінің Латын қарпіне көшуі бастамасын құптарлық бастама. Бұл дегеніміз Түркі елдерінің бауырластығы тек тілінде ғана емес жазуында да жақындай түседі деген сөз.» - деген ыстық лебізін жеткізді.

Халықаралық ұйымға мүше 19 елдің жазушылары Латын қарпіне өтуді қолдады

«Түркістан - түркі мәдениетінің астанасы» мәдени жобасының аясында өткізілетін конгресс жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет және т.б. әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің қатысты.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
0
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір