RU

Түркістандағы мешіттен ақшамен қоса шәйнек ұрлаған азамат масқара болды

Түркістанда мешітке ұрлыққа түсіп, ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы қаланың прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

Әбдірайымовтың айтуынша, осыдан екі күн бұрын шамамен жасы отыздағы ер адам мешіттен 10 мың теңге мен электр шәйнегін қолды қылған.

Тек мешіттерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен күдікті кеше кешкісін басқа бір мешітке ұрлыққа түсу кезінде ұсталды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда атышулы судья өзін-өзі өртеп өлген әйелдің туыстарымен соттасып жатыр

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сондай-ақ, прокурордың мәліметінше, 12 қыркүйек күні кешкісін 2 азамат көшедегі әйелді шалып құлатып, ұялы телефонын тартып алып, іздерін суытқан. Жәбірленуші дер кезінде полицияға xабарлап, нәтижесінде тәртіп сақшылары тонаушылардың бірін ізін суытпай ұстады.

Ұсталған күдікті қамауға алынған, ал оның сыбайласы іздестірілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1616867-turkistandaghy-meshitten-aqshamen-qosa.html