RU

Шымкенттегі зиялы қауым өкілдері орыс тілінен енген әріптерден бас тартуды ұсынды

Оңтүстік өңірінің зиялы қауымы латын әліпбиіне көшуді қос қолдап қолдайды. Таза қазақ тілінің сақталуында мұндай қадамға баруды дұрыс дейтіндер Отырар кітапханасында бас қосты деп хабарлайды TVK арнасы.

Халықаралық жиында, жергілікті билік өкілдерінен өзге түрколог- ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері жаңа қадамға қатысты түрлі ұсыныстарын жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда атышулы судья өзін-өзі өртеп өлген әйелдің туыстарымен соттасып жатыр

Белгілі филолог Мекемтас Мырзахметов "ц, ч, в, ф" әріптерін мүлдем алып тастау керек деп есептейді. 

"Латын қарпіне көшуді біз 100 пайыз қолдаймыз. Бірақ, қанша дегенменен халыққа жақын, сөйлеуге ыңғайлы әріптерді алуымыз керек. Қазір 33  әріптінің төртеуі орыс алфавиті. Соның қажеті бар ма?", - дейді Мекемтас мырза.

Айта кетер болсақ, 11 қыркүйек күні Парламент отырысында ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасы бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызу талқылануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617003-shymkenttegi-ziyaly-qauym-okilderi-ory.html