RU

Қазақ баласына көрсетілген әділетсіздіктен соң бокстан Қытай құрамасы тарап кетті (видео)

Қытайдағы қазақ боксшыларының әділетсіз жеңілісінен кейін, Қытайдың бокстан ұлттық құрамасы тарап кетті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 75 кг салмақтағы боксшы Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңлатханұлы XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының финалына шығып, ақтық бәсекеде Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаңнан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Алайда, спортшының бапкерлері наразылық танытып, шағым түсірген. Қортындысында төрешілер шешімі өзгеріп, қандасымыз финалға жолдама алған. Сонымен қатар, 64 кг салмақта бокстасқан Ердәулет Мейрамбекұлы ширек-финалда XII кезекті спартакиада чемпионы Ван Гаңмен кездесіп, Ердәулет айқын басымдылық көрсетсе де төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласына берді.

Тағы оқыңыздар: Жиырма жастағы намазхан келіншек неліктен үш рет күйеуге шыққанын айтып берді

Жарыстан кейін, төрешінің шешіміне қытайлық бокс жанкүйерлері өз наразылық білдіріп, жарыс қортындысын қайта қарауды талап етті. Қытай Мемлекеттік Спорт бас басқармасы 8 қыркүйек күні Қытайдың бокстан ұлттық құрамасының таратылғаны туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде, осы екі жарыста әділетсіз шешім жасаған барлық төрешілер және жауапты басшылардың қызметі тоқтатылғаны туралы айтылған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617026-qazaq-balasyna-korsetilgen-adiletsi.html