Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел бақыты" жабылған соң Ләйлә Сұлтанқызы қыз ұзатуға шығып жүр (фото,видео)

Опубликовано:

Ұлттық арнадағы "Әйел бақыты" бағдарламасы өз мәресіне жетіп, көрермендерімен қош айтысқалы бері тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз ұзатуға шығып жүр. Журналист желідегі парақшасында тойға шақыратындар болса, баруға дайын екенін айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы ұзатылып жатқан қызды қолынан жетелеп шығып, өлең оқыды.

"Бүгін Айдана есімді ару қыздың ұзатуында "қызымызды алып шығу" рəсімін Айдың нұры, Асар Тамара, Секеңнің Гүлнұры төртеуміз өткіздік. Ұзатуын Тамара мен Гүлнұрға қалдырдық. Қызық болды!  Айдана мəз, біз де мəз. Шақырамын десеңіздер барамыз. Несі бар, əн бар көйлек бар дегендей",-  деп жазған ол.

 Жұлдыздардан құралған төрттік продюсер Жан Мұқановтың қарындасын ұзатуға атсалысқан. 

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас: Төреғали емеспін, жеңемін бірақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1617063-ayel-baqytynan-ketken-layla-sultanqy/

pixel