RU

Туған күнінде торттағы шырақты өшірмек болған қыз өмірмен қош айтыса жаздады

Туған күнінде торттағы шырақты өшірмек болған қыз өртеніп кете жаздады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Оқиға Аргентинада болған. 11 жастағы қыз бала туған күнін тойламақ болып, дос-жарандары мен туыстарын жинайды.

Көңілді думанның соңы туған күндегі дәстүрлі рәсімге кезек бергенде оқыс оқиғаға ұласады.

Қыз бала торт бетіндегі шырақты үрлеп өшірмек болғанда, қаумалап тұрған балалар сұйық серпантинді шашып қалып, ол жанып тұрған майшамға тиеді.

Тағы оқыңыздар: Сауль Альварес жеңіліп көрмеген Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді

Майшамнан шашыраған от қыз баланың шашына тиіп, лап ете қалады. Шу ете қалған жұрт бірден қыздың шашындағы өртті сөндіруге тырысады.

Қыздың қаншалықты зардап шеккені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617156-tughan-kuninde-torttaghy-shyraqty-oshirm.html