RU

Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы қызметіне қайта сайланды

Қазақстан Парламенті сенатының төрағасы қызметіне Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қайта сайланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысына Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков қатысып, сенаторлар алдында елбасының Парламент сенатаның төрағасын сайлау туралы хатын оқып берді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 1-тармағына сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Парламеті Сенатының төрағасы қызметіне сайлауды ұсынамын», - делінген хатта.

Тағы оқыңыздар: Әуежай басшысы Тәжікстан президентін күтіп аламын деп ажал құшты

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маған тағы да сенім артқаны мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп білемін. Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап мен елбасының сеніміне ие болып, оның тапсырмаларын орындап келе жатырмын.

Біздің президентімізді әлем жұртшылығы ғаламдық деңгейдегі саясаткер, ұлы реформатор ретінде құрметтейді, шын мәніндегі тарихи тұлға деп біледі. Елбасының көреген басшылығымен еліміз биік белестерді бағындырып, әлемдегі танымал әрі абыройлы елдердің қатарына қосылды.

Мемлекет басшысының салиқалы, көреген саясатын іске асыру мен үшін әрқашан жауапты және зор мәртебелі міндет. Президенттің сенімін ақтауға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын», - деді өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617314-qasym-zhomart-toqaev-senattynh-toraghas.html