RU

Дауылдан кейін жағаға шығып қалған құбыжық әлем жұртшылығын шошытты (фото)

«Харви» дауылынан кейін Техас штатында жағажайдан беймәлім мақұлық табылды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз мақұлықтың суреттерін биолог Прити Десай Twitter-дегі парақшасында жариялаған.

Тағы оқыңыздар: Қостанай тұрғыны теледидарын лақтырып жіберіп, көршісінің көлігін сындырған

«OK, Twitter- дегі биологтар, мұның не екенін жазыңыздаршы. Бұл Техас штатындағы Техас-Сити жағалауынан табылған мақұлық», - деп жазған ол.

Желі қолданушылары болса, бұл мақұлықты балықтың бір түріне жатқызуға болатынын жазуда.

Тағы оқыңыздар: Сауль Альварес жеңіліп көрмеген Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді

12 қыркүйек күні AccuWeather метеорологиялық компаниясының президенті Джоэл Майерс «Харви« мен «Ирма« дауылы АҚШ экономикасына 290 миллиард доллар шығын келтірілгенін хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, Кариб теңізі мен АҚШ-та болған «Ирма» дауылынан қаза тапқандар саны 55-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617414-dauyldan-keyin-zhaghagha-shyghyp-qalghan-qu.html