RU

Ақшасына жұмысқа тұрғызып берем деп ант-су ішкен ақтөбелік жігіт алаяқ болып шықты

Ақтөбе тұрғыны үш адамнан ақша алып, көрші облысқа вахталық әдіспен жұмысқа тұрғызып берем деп сендірген деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жалақысы жоғары жұмысты күте-күте шаршаған үшеудің бірінің шыдамы таусылып полицияға шағымданады.

«40 жастағы тұрғын 30 мың теңгесін беріп жіберген. Не жұмыс жоқ, не ақшасын қайтара алмаған ол алданғанын кейін түсінеді», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева.

Тағы оқыңыздар: Қостанай тұрғыны теледидарын лақтырып жіберіп, көршісінің көлігін сындырған

29 жастағы күдікті бұрын да тәртіп сақшыларының назарына іліккен екен. Тіпті бұлтартпау шарасы қолған болып шықты.

Бүгінде оған қатысты «алаяқ» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617444-aqshasyna-zhumysqa-turghyzyp-berem-dep.html