Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағаштан жасалған бұйымдар

Опубликовано:

Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты ағаш.

Себебі, ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған.

Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. "Алтынмен аптап, күміспен қаптап" дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.

Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған.

Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған. Қазақтың ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын шарасы, шөміш, саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастады. Қазір қазақтың өз өнерін, байлығын өзіне көрсететін заман. Дегенмен, ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолдансаңыз ұзақ жылға шыдас береді.

Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген.

Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген. Сондықтан, ыдыс-аяқты көбінесе ағаштың безінен, қатты жерінен жасап отырған. Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі үшін оны майлап, май сіңіру керек. Сонда оның ішіне су сіңбейді. Екінші әдіс – оны құрсаулау. Күбінің, үлкен шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды. Бұл да жарылып кетпеуден сақтайды және ыдыстың сырты, түбі әр затқа соғылып мүжіліп кетпесін дегеннен туған. Ағаш ұсталарының өздерінің арнайы құрал-сайманы бар. Олар ағаш шабатын шот, қашаудың түр-түрі, ыңғыру, үскі секілді құралдар. Бұрынғы уақытта ағашты иіу, жұмсартудың тәсілдері болған. Әкемнен естуімше, ертеде ағашты малдың қиымен араластырып, су құйып жерге көміп тастайды екен. Сол кезде ол қызады да, белгілі бір күйге жеткенде ағаш жұмсарады. Дәл осы сәтте қазып алып, тезге салып, өзіне қажетті қалыпқа иіп жасап алады. Міне, осындай күрделі әдіс-тәсілдердің арқасында бүгінгі күні адам баласының ойы жетпейтін дүниелерді жарыққа шығарып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/161751-agashtan-zhasalgan-byjymdar/

pixel