RU

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы желіде мазаққа айналды (фото)

Жуырда көпшілікке латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылып, ол елдің қызу талқысына түскені белгілі. Көпшілік әліпбидің бұл нұсқасында жазылған көптеген сөздер ыңғайсыз екенін айтып, түрлі пікірлерін жаудырса, екіншілері қолдап шықты. Осы орайда NUR.KZ әлеуметтік желіде елдің екіде бөлінген пікірлерін ортаға ұсынуды жөн көрді.

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген сәбіз сөзінің жазылуына қатысты пікірін білдірді.

"Менің ана тілімдегі жаңа әліпбидің ережелері бойынша "сәбіз" сөзі енді  "Saebiz" деп жазылатын болады. Әліппе жасаушылар, сіздерге рахмет!", - деп жазған ол бұл сөздің жазылуының астары бар екенін айтқан.

Желі қолданушылары оның бұл  жазбасына түрлі пікірлерін білдірді.

Тағы оқыңыздар: Астанада аяғыр ауыр келіншек 50 мың теңге үшін тәнін саудалап жүр (фото)

Олар әбіз сөзінің осы нұсқада жазылуы мүлде түсініксіз екенін тілге тиек еткен, әліпбидің өзге де нұсқасын қарастыруды ұсынды.

Ал танымал журналист Арман Сқабылұлы, керісінше, латын әліпбиіне тезірек өтуді қолдайтынын жазған.

"Латын қарпіне көшу, оның ұсынылған нұсқасы төңірегіндегі пікірталас қызып - ақ тұр. Бұл дұрыс! Талқылау осылай болу керек. Алайда соңғы күндері өте бір қауіпті тенденция қылаң беруде. Бəзбіреулер, бəзбіреулер деймін-ау, өзін қазақпын деп кеудесін ұрып жүрген бауырларымыздың өзі кириллицада қала берейік деген ой айта бастады.

Тағы оқыңыздар: Астанада аяғыр ауыр келіншек 50 мың теңге үшін тәнін саудалап жүр (фото)

Ағайын, бəріміздің пікір айтуға қақымыз бар. Бірақ, мынадай тарихи реформаның тағдырымен бұлай ойнауға болмайды.Латын қарпіне көшу- қазаққа берілген тарихи мүмкіндік!", - деп жазды ол.

Ал екінші бір журналист Тоқтар Жақаш латын әліпбиінде жазылған кей сөздерді мысалға келтіріп, өз ойын әзілмен жеткізген.

Айта кету, осыған дейін Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов:

"Халыққа ұнау-ұнамау деген әңгіме болмауы керек, мұнда ұнату деген мәселе жоқ. Егер адам өзінің ұсынысын ғылыми жолда дәлелдей алса, фонетикалық-лингвистикалық принциптерге сүйенсе, егер ол кісінікі дұрыс болса неге қабылдамасқа?", - деген болатын.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанда темекі бағасы 1000 теңгеден асып түсуі мүмкін

Еске салсақ, латын әліпбиінің жаңа нұсқасы халыққ 11 қыркүйек күні ұсынылды. Сонымен бірге төл дыбыстардың таңбалануының үлгілерін азаматтар Тіл білімі институты жанындағы жұмыс тобына ұсына алады. Жалпы қоғам боп талқылау жұмыстары жыл соңына дейін жалғаспақ.

Қазақстанның жаппай латын әліпбиіне көшуі өзгеріссіз сол президент межелеген 2025 жылға жоспарланып отыр. Дайындық жұмыстарына бюджеттен 2018 жылға 250 млн теңге бөлініпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617622-latyn-alipbiininh-zhanha-nusqasy-zhelide.html