RU

Елбасы: Шетелге іссапармен аттансам да, Головкиннің жекпе-жегін көремін

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тамашалағалы отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мұндай оқиға бүкіл қазақстандықтарды теледидар алдына жинайды. Өте маңызды кездесу. Мексикалық Альварес те танымал адам, мықты боксшы", — деді Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихаты барысында.

Тағы оқыңыздар: Мемлекет басшысы күзде теңгенің құнсызданатыны туралы қауесетке нүкте қойды

"Біздің Головкин жеңіске жететініне сенімдімін. Сөйтіп, орта салмақ дәрежесінде кәсіби бокс патшасы атанады, Мұхаммед Әли, Тайсонның деңгейіне жетеді. Бұл кездесу ол үшін өте маңызды. Бәріміз оған сәттілік тілейік. Көрші елге іссапармен аттансам да, жекпе-жегін тамашалаймын. Бәріміз жанкүйер болайық", — дейді президент.

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617861-elbasy-shetelge-issaparmen-attansam-d.html