RU
Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбетті тастап кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбетті тастап кетті

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі атышулы жұп ақыры ажырасып тынды. Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші жары Ақбота Сейітмағамбеттен кетті. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбетті тастап кетті

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет. Фото: NUR.KZ

"Қайырлы күн, қымбатты достар! Менің артымнан балағат сөздер жаудырып, жеке өміріме қол сұққандардың бәріне рақмет. Сіздердің арқаларыңда әрі қарай өмір сүріп, өмірге қуана білуді үйрендім. Бүгін мен бұл хикаяға нүкте қоюды ұйғардым", - деп сөзін бастады Ақбота.

Тағы оқыңыздар: Бір тойдан $4000 табатын Абай Бегей Алматыда пәтер жалдап тұратынын айтты (фото)

Бір жыл бойы халықтың сынынан көз ашпаған Ақбота ақыры Дәуренді жіберугі шешім қабылдағанын айтады.

"Менің және бұрынғы күйеуімнің арасындағы қарым-қатынас сіздерге қызық болды ғой? Мен оған өкпе сақтамай, еркімен жіберуді ұйғардым. Біздің арамызда не болғанын, оның не себепті бірінші, екінші отбасынан кетіп қалғанын, ал енді үшінші отбасынан кетіп жатқанын білмейсіздер. Сіздер бұл адамды мүлде білмейсіздер. Оның барлық әрекеті өз ар-ұятына. Оның жасырын он әйелі болса да, бақытты болсын. Қазір мен тек ұлыма алаңдаймын. Аллаға осындай періште сыйлағаны үшін рақмет. Мені жалғыз қалды деп аяудың қажеті жоқ. Қасымда сүйікті інім мен жақындарым қалды", - деп жазған Ақбота.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
345
48
87
141
61
85
186
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel