RU

Нұрсұлтан Назарбаев: Телефонға қарап отыратын уақытым жоқ

Нұрсұлтан Назарбаев тілшілермен болған баспасөз-конференциясы кезінде, смартфондарға қатты қызықпайтынын, алайда интернетті қолданып, хабарламалар алып тұратынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан президенті баспасөз-конференциясы кезінде президенттің смартфондарға қалай қарайтынын сұраған отандық телеарнаның тілшісіне күтпеген жауап берді.

"Менің оған қарап отыратын уақытым жоқ", — деп жауап берген президент жиналғандарды күлдірді.

Тағы оқыңыздар: Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет айырылысып кетті

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қызметіне орай телефонмен қолдану қажет екенін айта кетті.

"Әрине, көремін, жұмыс жасаймын. Хабарламалар аламын. Телефон номерін берейін бе?", — деп қалжыңдап жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент қолында барлық ақпарат болғанымен, кей кезде  интернетті қарайтынын да айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618035-nursultan-nazarbaev-telefon-nomerin.html