RU

Атыраудағы ең қымбат заңсыз казино жаңа келген прокурордың жағасын ұстатты

Казино
Көрнекі фото: Pexels.com

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің (әрі қарай – Департамент) қызметкерлерімен Атырау қаласының орталығында заңсыз жұмыс жасаған «астыртын казино» анықталып, 68110 АҚШ доллары мен 18 миллион теңге қаражат тәркіленді  деп хабарлайды Qasym.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Департамент қызметкерлерімен үй-жайды қарау барысында 4 дана покер үстелі, 4 комплекті «ЗУМ» маркалы «Бинго 37» электронды рулеткасы, 35 дана фишка, 15 дана жүйелік блок, 13 дана теледидар, 2 дана термопринтер, 2 дана қол сканері, сондай-ақ 68 110 АҚШ доллары және 18 млн. 821 мың 980 теңге көлемінде ақша қаражаты алынды.

Тағы оқыңыздар: Елбасы грант дауына қатысты: Заңды бұзған болса мәселені қараймыз

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуынша, аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлігімен (заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, прокуратураның бақылауына алынды.

Аталған бапта мүлкi тәркiленiп, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618137-atyraudaghy-zanhsyz-zhumys-zhasaghan-asty.html