RU

Ақтауда арнайы жасақ көшелерді қоршауға алды: Куәгерлер атыс болғанын айтуда (фото, видео)

Ақтауда 15 қыркүйекке қараған түні құқық қорғаушылар алтыншы және сегізінші ықшамаудан арасындағы көшені жауып тастады. Куәгерлер төбелес пен атыс болғанын айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнындағы куәгерлердің сөзіне сенсек, төрт ер адам төбелес шығарған.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысының тұрғыны қыз туа берген әйелін басынан теуіп, атқа байлап сүйреген

"Атыс болғаны естілді. Төбелеске қатысушылардың бірі қамауға алынды. Жерде жатқан бір ер адамды көрдік. Ол қаза болған болуы керек", - дейді куәгер.

Полицейлер куәгерлерге тергеу жұмыстарына кедергі келтірмей, оқиға орнынан кетуін сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618197-aqtauda-arnayy-zhasaq-koshelerdi-qorsha.html