RU

Семейде баласын жоғарыдан лақтырған келіншек аналық құқынан айырылмақ

Анасы бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберген семейлік сәби нағашы әжесіне берілуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ жергілікті биілік бұл жағдайда психоневрологиялық диспансердің шешімі маңызды дейді.

"Баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқ деген шешім қабылдайтын болса, комиссия соған сәйкес өз қорытындысын шығарады. Онда әжесінің өтініші болуы керек. Ол кісі немересін алғым келеді деп ұсыныс жасаса, біз көмектесуге дайынбыз", - дейді Семей қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Оразбекова.

Тағы оқыңыздар: Ақтауда арнайы жасақ көшелерді қоршауға алды: Куәгерлер атыс болғанын айтуда (фото, видео)

Алайда әжесі үш жастағы жиенін асырап алу жөнінде нақты өтініш түсірмеген. Әйтсе де, мамандар аяқ-асты ұстамасы ұстап қалатын әйелдің қасында бүлдіршінді жалғыз қалдыру қауіпті екенін алға тартуда. Олар сол үшін бүлдіршін нағашы әжесіне берілуі мүмкін деп отыр. Себебі, оның әкесі де жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршіктіретін оқиға жақында болған. Психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұратын 36 жастағы келіншек жатақхананың бесінші қабатынан өз баласын лақтырып жіберді. Есі ауысқан әйел де, ауыр жарақат алған бүлдіршін де қазір ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618233-semeyde-balasyn-zhogharydan-laqtyrghan.html