RU

Назарбаев журналистермен кездесуде мінсіз күйеу туралы анекдот айтты (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесу барысында ядролық қаруға ұмтылып отырған елдерге қатысты сөзінде әйелдердің неліктен мінсіз еркектер туралы аңызды ойлап тапқаны жөнінде анекдот айтты Baq.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз-конференция барысында Солтүстік Корея сияқты елдердің ядролық қару туралы мәлімдемелері өзгелерді қорқыту екенін түсіндірді.

Тағы оқыңыздар: Демалыс күндері елімізде күн жылынады

«Мінсіз күйеу дегенді күйеулерін қорқыту үшін әйелдер ойлап тапқан. Сол сияқты олар да айналаны үрейде ұстау үшін өздерінде ядролық қару бар екенін айтады», - деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мұның өте қауіпті ойын екенін, Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуы үшін халықаралық қауымдастық бар күш-жігерді салу керектігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618280-nazarbaev-zhurnalistermen-kezdesude.html