RU

Маңғыстауда жағдайы жоқ отбасыларға ескі киімдерді таратып берді (фото)

Маңғыстауда жағдайы жоқ отбасыларға ескі киімдер тегін таратылды деп жазады muftyat.kz.

Мұнайлы аудандық, Атамекен ауылдық мешіті және «Миғраж» мешіттерінің ауласына арнайы орындар әзірленіп, кәдеге жарайтын ерлер, әйелдер және балалар киімдері тапсырылуда. Осы күнге дейін 1000-ға жуық отбасыға қайрымдылық жасалып, киім-кешектер үлестірілді. Мешіттен көмек алатын жандар дән риза болып өз алғыстарын білдіруде.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев журналистермен кездесуде мінсіз күйеу туралы анекдот айтты (видео)

Құран Кәрімде Алла Тағала:  «(Ей, Мұхаммед!) ...Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»,-дейді.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе облысында 70-тен асқан әжей бір ауылда жалғыз өзі тұрып жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618349-manhghystauda-zhaghdayy-zhoq-otbasylargha.html