RU

Танымал тележүргізуші әйелдердің күйеуіне деген сезімі тез сөніп қалатынын айтты (фото)

Танымал қазақ тележүргізуші Жанат Бақыт отбасылық өмірдің қиындығы туралы сыр бөлісіп, декреттегі әйелдің жан дүниесі туралы жазба қалдырды. Ол Instagram парақшасында жұбайлық сезімнің қаншалықты тез сөніп қалатынын айтып, қыз-келіншектерге ақыл айтты.

"Шаңырақ көтерген алғашқы жыл бар емес пе, көзіңді ашсаң, қасыңда біреу жататын жыл ше, сол 1-2 жылдың раxатынан барынша ләззат алуға тырысу керек екен. Оңаша қыз-жігіт боп киноға барып, демалыс орындарына барып, серуендеп алыңыз, өйткені сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынас қанша тырыссаң да, сол кездегідей "тәтті, әпетитно" болмайды.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да бизнесмен төрт жыл қамауда ұстаған құлын бұзау жоғалғаны үшін айырмен ұрып өлтірді

Факторлар мен икс факторларға сүйенсек, біріншіден, адам сәбилі болғасын, әркім өз тірлігімен миы ашып кетеді, екіншіден "Ипотека, кредит, отбасын асырау, жұмыстағы проблема, туған-туыс (ата-ана, ене, ағаң, келінің, көршің т.б) арасындағы түсініспеушілік" қосағыңмен ренжістіреді, екі адамның шынайы бет-бейнесі со кезде ашыла бастайды, мінезің сабырлы болса жақсы, біреуі бетпақ болса, екіншісі үйден қашатын болады, аталмыш жайттар сезімді суыта береді, суыта береді.

Үшіншіден, шаңырақ көтерген кездегідей емес, "құмарлық сезімі" жыл өткен сайын өшпесе, жана қоймайды", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысындағы қоныс колониясынан алты бірдей сотталушы қашып кетті

Онсыз да саған баяғыдай құмарлана қарамай жүрген күйеуің сен баламен миың ашып, семіз аққу боп кеткенде мүлде суып, достарымен қыдыруын жиілетеді. Оған үйде күні-түні дұрыс ұйықтамай, баламен миы ашып жүрген әйел одан әрі жынданады. Жүйкесі күн санап жұқара беріп, қабағы ашылмай жүретін болады. Бұл жағдай көбіне бірінші бала туған соң болады", - дейді Жанат Бақыт.

"Елдің өтірік жылтыраған өміріне сеніп, қатарынан қалып қойғандай сезінген әйел, ашуын жұмыстағы күйеуінен алады.

"Сағат 7 болды ғой, қайда жүрсің? Ааа? Жұмыстағылармен кафе? Оңбаған? Баланы қалай жуындырам? Құлатып не басын соқсам қайтесің тазикке, а? Келме ваще онда! Раxат сенікі әйтеуір!" деп қоя саласың трубканы. Жылайсың содан кейін жынды құсап", - дейді ол.

"Сондықтан қыздар, шаңырақ көтерген кездің алғашқы жылы сүйгендеріңмен жатып-жатып алып, тұңғыштарыңмен отырып-отырып әр минуттан "ләззәт" алып алыңдар!", - деп ақылын айтты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618399-qazaq-zhurnalisi-ayelderdinh-kuyeuine.html