RU

Қайрат Нұртас шашын тақырлап алып тастайтынын айтты (видео)

Отандық арналардың біріне келген Қайрат Нұртас өзінің шаш үлгісін өзгертуді сұраған оқырман өтінішіне жауап берді. Шаштаразының өзге қалада екенін айтқан әнші шашын тықырлап алып тастайтынын жеткізді.

"Нұртас, жедел түрде шаш үлгіңді өзгертші. Репертуар, стиль өзгерген, бірақ шаш үлгіңді өзгерту керек", - дейді тыңдарманы.

Тыңдарманына жауап берген Қайрат Нұртас шашын тықырлап алып тастайтынын айтты.

"Өткенде ғана балалардың бәрінен кешірім сұрап, құлағымды ашқан болатынмын. Қазір менің шаш қысқартатын адамым алыста, Ақтауда тұрады. Алматыға келе алмай жатыр. Келген соң міндетті тұрде тақырбас қылып аламын", -дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Жас күйеуінің жалаңаш суретін көрсеткен отандық әнші жаға ұстатты (фото)

Үнемі ұлының шаш үлгісіне қатысты сыни пікірлер еститін Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасына аталған бағдарлама видеосын жүктеген.

"Шашына да, көзілдірігіне де тиіспеңдерші",- деп жазған ол видео жанына.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618414-qayrat-nurtas-shashyn-taqyrlap-alyp-tas.html