RU

12 тастанды қызды бауырына басқан мейірімді азамат бүгінде бақытты ғұмыр кешуде (фото)

Қытайда 12 қыз баланы туған әкесі болмаса да, өз бауырына басқан азамат бүгінде бақытты ғұмыр кешуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы videoboom.cc сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1970 жылдары Қытайда бір отбасында тек бір баланың болуына рұқсат ететін заң үстемдік еткен болатын. Сол кезеңде қызды болуды қаламаған талай қытайлық нәрестелерінен құтылудың түрлі амалын жасап келді. Кейбірі нәрестелерді балалар үйіне өткізсе, енді бірі қоқыс секілді көшеде лақтырып кете берген.

Мұндай қатігездікке бей-жай қарай алмаған мейірімді жандардың бірі - Ю Шаньчжун. Ол 12 бірдей тастанды қызды бауырына басып, олардың әкесі атанған.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев: Президенттің жұмысы жарлыққа қол қою ғана емес

40 жасында Ю аяқ киімге арналған қораптың ішінен кішкентай қыз баланы табады.

Ол қызды өз үйіне әкетіп, әйелі екеуі нәрестені өз қамқорлығына алған. Осылайша бірінен соң бірі 12 тастанды қызды құтқарып қалған отбасы жұпыны болса да бақытты өмір сүруде.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысында түрмеден қашып кеткен қылмыскерлердің суреті жарияланды (фото)

Ю жалғыз өзі ақша табатындықтан, оларда кей кездері жейтін тағам да болмай қалады. Ондай күндері Ю қоқыстан тағам теруден еш қымсынбайды. Абырой болғанда, жергілікті тұрғындар отбасына артылған тамақтары мен киімдерін беріп, ара арасында қолғабыс етуде.

Бүгінде Юдің төрт қызы университетте білім алып жатыр. Қыздары оның 70 жылдығына алтын сақина сыйлап, әкесіне алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618637-12-tastandy-qyzdy-bauyryna-basqan-meyir.html