Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлынан айырылған әкенің жан тебірентерлік сөздері жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Бала-өмірдің гүлі. Балалы болған сәттен бастап өміріңіз түбегейлі өзгеріп, жаныңыз нұрлана бастайды. Бірақ, кейде балалар да бұл өмірді тастап кетіп жатады… Ричард Прингл есімді кейіпкер де өзінің үш жастағы ұлынан аурудың кесірінен көз жазып қалады деп жазады ikerim.kz.

Бұл оқиғаға бір жол толғанда ол Фейсбук парақшасына ұлының өлімінен кейін түсінген он маңызды дүниені жазады. Ендеше, сіз де оқи отырыңыз:

1. Махаббат көптік етпейді.

2. Сіздің уақытыңыз жеткілікті. Ең болмағанда, бірер минут балаңызбен бірге ойнаңыз. Одан басқа ештеңе маңызды емес!

3. Көбірек суретке, бейнекамераға түсіңіздер. Соңғы кездесудің қашан боларын ешкім болжай алмайды.

4. Балаға ақша немесе сыйлық беріп қажет емес. Керісінше, уақытыңызды сыйлаңыз! Бірге теңізге барыңыз, болмаса саябаққа, киноға барыңыз!

5. Музыка тыңдап, бірге ән айтыңыздар! Біз баламыз екеуміз көлікте, үйде ән айтқанды ұнататынбыз. Сол уақыттарды қайтарғым келеді.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев: Президенттің жұмысы жарлыққа қол қою ғана емес

6. Бірге өткізген уақытты бағалаңыз! Отбасымен бірге тамақтанып, кітапты бірге оқыңыздар, тым болмаса бірге жатыңыздар. Осындай қарапайым дүниедегі мейірімділікті бірінші сағынасың.

7. Кешірімді болыңыздар! Көбірек сүйіп, құшақтаңыздар!

8. Үнемі көңілді болуға тырысыңыздар! Қайда жүрсеңіздер де күлуді ұмытпаңыздар!

9. Балаңыздың әрбір жетістігін жазып жүріңіз. Есейген кезінде оқып, еске аласыз!

10. Егер сіздің балаңызды сүйіп, мектепке алып баруға, оның диплом алған күні мен үйлену тойында болуға мүмкіндіңіз болса, сіз мына Жер шарындағы ең бақытты адамсыз! Осыны естен шығармаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1618710-ulynan-ayyrylghan-akeninh-zhan-tebirent/

pixel