RU

Еліміздегі ең ірі мұнай магнаттары кімдер? (фото)

KAZSERVICE журналы жыл сайын мұнай саласындағы мамандар мен сарапшылардың негізінде жасалған жылдың үздік магнаттарының рейтингін жариялайды. NUR.KZ порталы оқырман назарына 2017 жылғы тамыз айындағы рейтингте үздік деп танылған еліміздегі  10 мұнай магнатын ұсынады.

1. Қанат Бозымбаев

Қазақстан мұнай өндірісі ұйымын басқара отырып Қанат Бозымбаев еліміздің энергетикалық жобаларын жүзеге асыруда. Энергетика министрі болған сәттен бері  37 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойылды.

2. Тимур Құлыбаев

Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің бірі. Ол "Атамекен" ҰКП Президум Төрағасы,  KAZENERGY мұнай өндіру ұйымы Ассосиациясы мен энергетика кешенін басқарады, ресейлік "Газпромның" директорлар кеңесінің мүшесі.

3. Сауат Мыңбаев

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы.  2007 және  2013 жылдар аралығында Мыңбаев еліміздің энергетика Министрі және мұнай және газ министрі қызметін атқарды.

4. Махамбет Досмұхамбетов

Қазақстан Республикасы энергетика саласының бірінші вице-министрі.  Мұнайшылар әулетінен шыққан. "Шығыс Мақат" орнының алғашқы ашушысының бірі.

5.  Қанатбек Сафинов

2009 жылдан бері отандық энергетика Министрінің хатшысы қызметінде.  Сафинов еліміздегі "қазба байлықатыр мен оны пайдалану" заңының негізін қалаушы.

6. Ұзақбай Қарабалин

Тәуелсіз Қазақстанның мұнай индустриясының негізін қалыптастырған. Өзінің мансаптық жолында Ұзақбай Сүлейменұлы ғылыммен айналысқан, кейіннен ғана ірі мұнайгаз компаниясының басшылық қызметін атқарды.

7. Әсет Мағауов

Асет Мағауов мұнай саласында жиырма жылға жуық тәжірбиесі бар. «Тенгизшевройл» компаниясының бас директорының орынбасары, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры,  энергетика және минералды ресурстар вице-министрі қызметтерін атқарған.  2016 жыл энергетика министрі болды.

8. Мағзум Мырзағалиев

Әр жылда "Тенизсервистің "бас директоры, сервисті жоба бойынша басқарушы директор, "Қазмұнайгаздың" сервисті жобалар басшысының орынбасараы қызметін атқарды.

9.  Болат Ақшолақов

KAZENERGY Асооциациясының бас директоры. ЮНЕСКО-ның(  09.2016 жылдан) Азия және Тынық мұхиты Федерация клубының президенті қызметін атқарды. Энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ вице-министрі қызметтерін атқарған.

10. Мұрат Жүребеков

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Мұрат Жүребеков «PSA» ЖШС басқарады. Компания  Солтүстік-Каспий, Қарашығанақ жобалары бойынша Қазақстан Республикасы энергетика министрінің толық уәкілетті рөлін атқара алады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1618988-elimizdegi-enh-iri-munay-magnattary-ki.html