RU

Танымал уағызшы әлеуметтік желіде отыратындарды «некесіз туғандар» деп атады (видео)

Атышулы уағызшы Әбдуғаппар Сманов facebook желісінде отырып жазба қалдыратындарды «некесіз туғандар» деп айтыптады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Имамның әлеуметтік желі қолданушыларына арналған уағызын биылғы қажылық кезінде бес парызын өтеуге аттанған Қазақстандық жамағаттарға айтқан. Аталған видео «Али» студиясының ғаламтордағы арнасында пайда болды.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде орамалын шешпейтіндерін айтқан оқушылар мектепке полициямен келді (фото)

Молданың мына сөздері көпшілікке жақпай қалған.

«Қазір фейсбук деген өте бір жақсы фитна бар. Соның арқасына отырып алып неше түрлі боқауыз сөйлеп жатқан азаматтар, азаматшалар бар. Олар өздерінің кім екендерін осы сөздерімен дәлелдеп қойды. Ауыздары боқауыз. Олар «біссімілләсіз» пайда болғандар, олар некесіз пайда болғандар. Олардың аузы сондай лас, қоқыс болады. Мұсылман адам мұндай боқауыз сөз сөйлемейді.  Біз ертең есептесеміз.  Хиямет күні бұл ауызға мөр ұрылады, сөйлей алмай қалады», - дейді Әбдуғаппар Сманов.

Естеріңізге сала кетсек, имамның осыған дейін «несиенің әр пайызы шешеңмен жеті рет зина жасаған күнәға тең», «сақалы жоқтар имансыздар» деген сынды шулы уағыздары елдің ашуына тиіп, жергілікті халық танымал молданың әңгімесін әлеуметтік желіде талқылаған еді.

Тағы бір айта кетері, facebook желісінде тек қарапайым халық ғана емес, танымал дінтанушылар мен атақты заңгерлер де Сманов мырзаның айтқан уағыныз "негізсіз" деп таныған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619015-tanymal-uaghyzshy-aleumettik-zhelide-ot.html