RU

Головкин Альвареспен жекпе-жекке ет жеп дайындалып жатыр

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының физикалық тұрғыдан керемет формада екенін, артық салмағы жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

«Геннадий күн сайын стейк жейді. Соған қарағанда қазақстандықтар көп ет жегенді ұнататын сияқты, солай ма? Міне, ол да үнемі ет жейді. Қазір салмағымен проблема жоқ. Кеше салмағы 161 фунт болды. Оның салмағы тамаша!», - дейді Санчес.

Тағы оқыңыздар: Лукашенко ауа райын дәл айтпағаны үшін синоптиктерді жұмыстан қумақ

Естеріңізге салып өтсек, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы 20 мыңдық T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Астана уақытымен жекпе-жек жексенбі күні таңертең басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619087-golovkin-alvarespen-zhekpe-zhekke-et-zh.html